Қоғам

Шерзат ісі: қорғаушы судьяға қарсы шағым түсірді

16:05, 28 мамыр 2025 92

Жетісу облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес, істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді. 

Белгілі болғандай, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды.

Еске сала кетсек, Талдықорғанда кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сот барысында прокурор оқиғаның бас-аяғы қалай болғанын айтты

Қаржаубай Нұрымов болған оқиғаны баяндау кезінде баласы Шерзат Полат пен бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевты емханаға қалай апарғанын жеткізді.

Сотта іс бойынша күдіктілердің сот залынан күліп шыққан видеосы талқыланды. Судья жағдайға байланысты тергеу жүргізілп жатқанын айтты.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз