$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45

Боқаевтың ісі бойынша куәгер: «Тақталар сынған, ескерткіш жасауға жарамсыз еді»

Редактор
10.11.2026, 20:16
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр

Сотта гранит тақталарын ұрлау әрекетінің инсценировкасы эпизоды бойынша маңызды айғақтар айтылды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Сотта оқиға кезінде «Павлодар өзен порты» компаниясының құрылыс алаңында жұмыс істеген Жанболат Жанатаев сөз сөйледі. Ол мемлекет меншігіндегі демонтаждалған тақталарды заңсыз сатқанын мойындады. Оның айтуынша, өзіне Ақылбек Хамракулов (Боқаевтың әлгі жұмысшысы) келіп, тақталардың бір метрін 4 мың теңгеге сатып алуды ұсынған.

Жанатаев сатып алушыны кран-манипулятор жүргізушісімен таныстырған. Мәміле екі рет жасалды. Жанатаев ақшаны Хамракуловтың өзінен қолма-қол алған: алғашында шамамен 80 мың теңге, кейін 120 мың теңге. Тақталарды екінші рет алып кету кезінде жоспар күрт өзгерген. Манипулятор жүргізушісі Жанатаевқа телефон шалып, оқиға орнына Санжар Боқаевтың видеооператормен бірге келгенін хабарлаған. Осыдан кейін Хамракулов жай ғана қашып кеткен. Куәгер Жанатаев өз кінәсін мойындады. Құрылыс материалдарын заңсыз сатқаны үшін ол ұрлық бабымен сотталған.

Ұрланған тақталарды қабір басына қойылатын ескерткіштер жасау үшін алып бара жатқан деген Боқаевтың нұсқасын сотта Бесағаш ауылындағы жерлеу рәсімдеріне арналған бұйымдар жасайтын цехтың иесі – куәгер Усаков толығымен жоққа шығарды. 16 қыркүйек күні таңертең ол шеберханасының жанынан түсірілген гранит тақталарды байқаған. Куәгер Хамракуловты танымайтынын, ешкімнен құрылыс материалдарына тапсырыс бермегенін және ештеңе сатып алмағанын мәлімдеді. Оның үстіне, Боқаев пен оның жұмысшысы әкелген гранит ескерткіш жасауға мүлдем жарамсыз болып шыққан: тақталар сынып қалған. Кәсіпкер қақпасының алдына тас түсіруге әрекет жасалғанын интернеттегі бейнероликтен ғана білген.

Көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша жәбірленушілерден жауап алу кезінде айыпталушы тарапынан жарияланымдардағы деректерді бұрмалау фактілері де анықталды. «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің (МӨТП) өкілі Әлімжан Киртаев Баум тоғайында сирек кездесетін 16 ағаштың заңсыз кесілгенін растады (келтірілген залал 213 мың теңгені құраған). Сонымен бірге ол Боқаевтың тоғай аумағында мейрамханалар мен дүкендер салу үшін коммерциялық құрылыс жүргізіліп жатыр деген мәлімдемелерін үзілді-кесілді жоққа шығарды. Бұл аумақ ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып саналады, ал мердігер компания мұнда тек абаттандыру жұмыстарын жүргізген: жүгіру жолақтарын төсеп, балаларға арналған алаңдар мен жарықтандыру жүйелерін орнатқан.

Жәбірленуші әрі экологтан жауап алуы кезінде қорғау тарапынан әдеттен тыс сұрақ та қойылды. Боқаевтың адвокаты маманнан тоғайдың акустикалық ерекшеліктерін анықтағысы келіп, «егер тоғайда түшкірсе, оның дауысы қанша метр жерден естіледі?» деп сұрады.

Куәгерлердің айтуынша, Боқаевтың жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу туралы таратқан ақпараты да шындыққа жанаспайды. Бостандық ауданы әкімінің аппаратының маманы Әділжан Өмірзақов сотқа бұл нысандарды күрделі жөндеуге шамамен 86 миллион теңге бөлінгенін түсіндірді.

Боқаев өз роликтерінде өткелдердегі тақтайшалардың «мінсіз» екенін және оларды жөндеудің қажеті жоқ екенін айтқан. Әкімдік өкілі күрделі жөндеу жұмыстары тек сыртқы көріністі жақсартумен шектелмейтінін атап өтті. Бұл өткелдер сонау 1993 жылы салынған және содан бері бірде-бір рет жөнделмеген. Құрылымдардың техникалық жағдайына байланысты оларды толық ауыстыру қажет болған. Өйткені тақтайшалардың сыртқы көрінісі нысан конструкцияларының нақты тозу деңгейін көрсетпейді.

Әкімдік тіпті Боқаев жариялаған видеоның астына барлық техникалық сипаттамаларға қатысты егжей-тегжейлі түсіндірме пікір де қалдырған. Алайда блогер оны елемеген. Әріптестерінің сөзін Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілі Руслан Махметов те растады. Ол Боқаевтың бірқатар нысан бойынша көрінеу жалған ақпаратты заңсыз таратқанын ресми түрде алға тартты. Олардың қатарында жаяу жүргіншілерге арналғанөткелдер, «Атакент» аумағын қайта жаңғырту, Баум тоғайында ағаштарды кесу және гранит тақталарды ұрлау оқиғалары бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау