Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлымен болған қызықты әңгімесін бөлісіп, болашақ келінімен бірге тұру мәселесіне қатысты ойын айтты. Ол баласының күтпеген сұрағына бірден жауап бере алмағанын жасырмады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына «Сіз келініңізбен бірге тұрасыз ба?» деген сауал тастап, осы тақырыптың өз отбасында да қозғалғанын жеткізді. Оның айтуынша, үлкен ұлы үйленгеннен кейін ата-анасымен бірге тұру мәселесін алдын ала сұраған.
«Менің үлкен ұлым «сонда біз үйленген соң да сізбен тұрамыз ба?» деп сұраған», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші ұлының бұл сұрағына әзірге нақты шешім қабылдамағанын айтып, қазіргі жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасы бұрынғыдан өзгеше екенін меңзеді.
«Шынымды айтсам, қазіргі заман үлкендері кішкене басқаша ойлайтын сияқты. «Ойланамын, балам» дедім», – деп бөлісті ол.
Осылайша Ләйлә Сұлтанқызы қазақ отбасыларында жиі талқыланатын келін мен ененің бірге тұру мәселесін қозғады. Дәстүр бойынша жас отбасының ата-анамен бірге тұруы қалыпты жағдай саналса, бүгінде жастардың бөлек шаңырақ көтеруге деген көзқарасы да жиі сөз болып жүр. Ал тележүргізушінің өзі болашақ келінімен бірге тұру-тұрмау жөнінде әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын аңғартты.