Қоғам

«Ауруханаға жетпей жан тапсырды»: Шерзаттың әкесі баланың қалай қайтыс болғанын айтты

18:57, 18 сәуір 2025 88

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қаржаубай Нұрымов болған оқиғаны баяндау кезінде баласы Шерзат Полат пен бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевты емханаға қалай апарғанын жеткізді.

Ажыратқанға, «қой» дегенге ешқайсысы қараған жоқ. Шерзаттың анасы баласын құшақтап, ұрғызбай жатты. Сөйлеп отырған баланы Нұрқияс мылтықпен ұрды. Анасының жылауына, өтінішіне қарамады. Балаға пышақ тыққанын білмедім. Балаға соққы тиді ма деп алдынан қарадым, сөйтсем жауырынына кіріпті. Артынан қан ағып жатыр екен. Нұрқанат та ес-түссіз жатты. Көлікті оталдырып келгенде екеуінде де пульс болды. Оларды өзім көлікке салдым. Ауруханаға апара жатқан кезде көлікті қатты айдағаннан балам орындықтан құлап кетті. Содан тоқтадым. Сөйтсем жаны (Шерзат) шығып кетіпті. Пульс болмай қалды. Өзім реанимация жасадым. Сосын әрі қарай ауруханаға жеткіздім, — деді ол.

Прокурор «Көліктің ішінде жан тапсырды ма?» деп нақтылай қоған сұрағына:

Мен көлікке салып жатқан кезде ол жан тапсырып жатты, агональный состояниеде болды, соңғы демдері, — деді Шерзаттың әкесі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова сұрақтарға жауап бергенін хабарладық Марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан да жауап алынды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз