$ 453.71
€ 505.8
₽ 5.63

Астанада Есіл өзенінен мәйіт табылды

Редактор
30.10.2026, 16:11
видеодан скрин
видеодан скрин
Ер адамның өлімінің нақты себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталуда

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Астана қаласының Полиция департаменті ер адамның мәйіті табылғанын растады.

«Есіл өзенінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады», – деп мәлімдеді полиция.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның өлімінің нақты себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау