Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XIII саммитінде Ресейді «ТМҰ+» форматына қосылуға немесе ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысуға шақыру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Мемлекет басшысы түркі елдері арасындағы ынтымақтастық егемендік пен ұлттық мүдделерді өзара құрметтеуге негізделуі тиіс екенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, Ресей түркі әлемімен тарихи және мәдени тұрғыдан тығыз байланысты. Сондықтан оның ұйыммен ынтымақтастығын кеңейту барлық тарапқа тиімді болуы мүмкін.
Президент сондай-ақ Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы биыл 10 миллиард долларға жуықтағанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ұйымның 2027–2031 жылдарға арналған стратегиясын қабылдауды жеделдетіп, Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырды.