Әлеуметтік желіде қозғалыстағы автокөліктен жолаушылар көлігіне қарай тапаншаға ұқсас зат бағытталған видео тарады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Полиция мәліметінше, оқиға 27 қазанда сағат 15:45 шамасында Райымбек және Жетісу көшелерінің қиылысында болған.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары Jetour автокөлігін және оның 1988 жылы туған жүргізушісін анықтады. Көліктен пластик ойыншық тапанша табылған. Белгілі болғандай, ойыншық тапаншамен көлік ішінде отырған жүргізушінің кәмелетке толмаған ұлы ойнаған.
Тексеру қорытындысы бойынша жүргізуші қозғалыстағы көлік салонынан тыс жолаушы тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ойыншық қарудың өзі айналадағы адамдарды үрейлендіріп, жолда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін екенін ескертті.