Қоғам

«Өлтіру үшін дайындалып келген»: Сотта Шерзат Полаттың әжесі жауап бере бастады

10:40, 18 сәуір 2025 31

Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін осы іс бойынша жәбірленушілерден жауап алына бастады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алдымен марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова сұрақтарға жауап бере бастады. Ол былтыр 4 қазанда болған оқиғаны баяндап тұрып, көзіне жас алды.

Алдынан шыққан мені де қағып жіберді. Орнымнан тұра алмай жатырмын. Былай қарасам, Шерзатқа сол жерге барған адамдардың бәрі қол көтерді. Бір адам қалған жоқ оған қол көтермеген, аяғымен теппеген. Өлтіру үшін келгендері анық болып тұр бұлардың. Олар 3 машина болып келіп отыр. Дайындалып келіп отырған топ бұл, - деді жәбірленуші Жұмабике Қадырова.

Сондай-ақ, жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевтың қазасына да осы айыпталушылардың қатысы бар деп есептейді.

Айта кетейік, айыпталушылардың ешқайсысы кінәсін толық мойындаған жоқ. Кеше судья іс материалдарын зерттеу тәртібін бекіткен болатын. Оған сәйкес, алдымен жәбірленушілерден, содан кейін куәгерлерден, ең соңында айыпталушылардан жауап алынады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз