Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді. Процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері іске асырылды. Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қылмыстық іс 62 томнан тұратыны атап өтілді: оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.