Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Президентті әуежайда Ресей Үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Мәскеуде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымға мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланады.