«Ақжайық» резерватындағы өрт 1,5 мың гектар аумаққа тарады. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Еске сала кетсек, 13 маусымда Атырау қаласы Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде «Ақжайық» резерваты аумағында қамыс өртенген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 1510 гектар аумақтағы өрт оқшауланды. Сөндіру жұмыстарына Экология жәнетабиғи ресурстар, ТЖМ, Қорғаныс министрліктері, ЖАО-ның барлық қажеттікүштері мен құралдары, яғни 100-ден астам адам мен 30 бірлік техника, сондай-ақ ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Қызметкерлер қауіпті аймақта тәулік бойыжұмысын жалғастырып, жалынның одан әрі таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр, жағдай уәкілетті органдардың толық бақылауында. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.