Атырауда 5 күннен бері қамыс өртеніп, оны ауыздықтау қиын болып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, өрт 800 гектардан астам аумақты шарпыған. Өрт Ақжайық мемлекеттік табиғи резерваты аумағында басталған.
Қазір өрт толық сөндірілген жоқ. Тілсіз жаумен күреске 100 адам, 30 техника және МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақ 33 рет әуеге көтеріліп, 100 тонна су төккен.
Қазір өрттің шығу себебі мен ауаға тигізген әсеріне байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.