$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері Адамеске қатысты пікір білдірді

Редактор
14.10.2026, 12:30
Әлеуметтік желі
Әлеуметтік желі
Олар әлеуметтік желіде бірнеше рет сөзге келіп қалған 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің Zuffa Boxing ұйымымен келісімшартқа отыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

UFC президенті Дана Уайт негізін қалаушылардың бірі саналатын Zuffa Boxing ұйымы Адаместі «қарсыластары ең көп қашқақтайтын боксшылардың бірі» деп таныстырған. Алайда қазақстандық боксшы бұл тұжырыммен келіспейтінін жеткізді.

«Дана Уайт оның бәрі қашқақтайтын боксшы екеніне сенді деп ойламаймын. Біз оның кім екенін жақсы білеміз», – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы мен Адамес әлеуметтік желіде бірнеше рет сөзге келіп қалған. Жәнібек доминикандық боксшыны өзімен жекпе-жек өткізуден жалтарып, келісімшартқа қол қоюдан бас тартты деп айыптаған болатын.

Қазіргі уақытта Карлос Адаместің WBC нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы – тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов. Сондықтан алдағы уақытта екі боксшының арасындағы ықтимал жекпе-жек қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше қызығушылық тудыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау