Астанадағы балабақшада балаларға күш көрсетілгені туралы видео тарады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде Астанадағы балабақшалардың бірінде түсірілген болуы мүмкін видео тарады. Жарияланым авторының айтуынша, әйелдердің бірі кішкентай баланы аяқ киіммен басынан ұрған. Сондай-ақ балаларды орындыққа байлағаны туралы мәлімет айтылған.
Видео Threads әлеуметтік желісінде жарияланған. Кейін жазба авторы полиция қызметкерлерінің өзімен байланысқа шыққанын хабарлаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен видеода көрсетілген жайттардың анықтығы нақтыланып жатыр. Оқиғаға қатысты ресми ақпарат әзірге  ;белгісіз
.