Бүгін, 13 қазан күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қай күні өтетінін жария етті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өтетін мәслихат сайлауын 2026 жылдың 29 қарашасына белгілеген.
Кеше, 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.