$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

«Бернли» Дастан Сәтпаевтың қазақстандық жанкүйерлерге арнаған видеосын жариялады

Редактор
13.10.2026, 16:17
Қазспорт
Қазспорт
Дастан Сәтпаев жанкүйерлерге алғысын айтты

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өзіне қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерге алғысын білдірді. Футболшының мәлімдемесі ағылшындық «Бернли» клубының TikTok желісіндегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жас шабуылшы қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы өзі үшін ерекше маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, жанкүйерлердің стадионда есімін ұрандатуы ерекше әсер қалдырған.

«Қазақстанда маған қолдау көрсетіп жатқандарына өте қуаныштымын. Мен мұны ерекше бағалаймын. Рақмет! Сенбі күні стадионда жанкүйерлердің дауысы қатты естілді. Олар менің есімімді ұрандатқанын естідім. Жанкүйерлер мені қолдап жатыр, мен бұған өте қуаныштымын», – деді Дастан Сәтпаев.

Осылайша, қазақстандық футболшы өзіне сенім артып, қолдау білдіріп жүрген барша жанкүйерге ризашылығын жеткізді. Айта кетейік, Дастан Сәтпаев – қазақстандық футболдың болашағынан зор үміт күттіретін жас ойыншыларының бірі. Оның шетелдік футболдағы қадамын отандық жанкүйерлер де жіті бақылап келеді.

@burnleyofficial Dastan shared this message on the support he receives 🇰🇿💜 #BurnleyFC #Football #EFL #kazakhstan🇰🇿 ♬ original sound - Burnley Football Club