Серікзат Дүйсенғазының әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіде ұлы хабарлады.
«Бүгін асқар тау әкем Мақсұт Дүйсенғазыұлы Раббысына қайтты. Жаназасын қосымша хабарлаймыз», – деп жазылған жазбада.
Ол әлеуметтік желіде биылғы шілде айында әкесінің сырқаттанып жүргені туралы да жазған.
Еске салайық, күні кеше әнші Сәкен Майғазиев те анасынан айырылған еді.