Мексикада жас айырмашылығы бойынша жұртты таңғалдырған неке тіркелді. 96 жастағы әйел 18 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Бұл дерек Мексиканың Ұлттық статистика және география институтының (INEGI) ресми статистикасына енді.
Бір қызығы, биыл Кинтана-Роо штатында тіркелген некелер саны Мехикомен салыстырғанда үш есеге жуық көп болған. Дегенмен жоғары көрсеткіш әрдайым үйлену тойларының рекордтық саны тіркелгенін білдірмейді.
Ал соңғы он жылда Мексикада некеге тұратын ерлер мен әйелдердің орташа жасы 4,1 жасқа ұлғайған. Жалпы, 2025 жылы елде 491 640 неке тіркелген.
Мичоакан штатындағы Морелия қаласында да жас айырмашылығы айтарлықтай үлкен жұп некеге тұрған. Онда 96 жастағы әйел 19 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан.
Ал Тамаулипас штатындағы Хикотенкатль қаласында керісінше жағдай тіркелді: 90 жастағы ер адам 18 жастағы бойжеткенге үйленген.