$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Дариға Бадықова өткен өміріне қатысты сөздерге нүкте қойды

Редактор
14.10.2026, 11:01
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
Актриса желідегі белсенділігін арттырып келеді 

Дариға Бадықова актер Олжас Абайдың өзіне ән арнағанын айтып, желіде астарлы жазба жариялады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Ол жазбасында өткен өмірі жайлы сөз қозғаған.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім. Сол сенімімнің сыйындай болып, өміріме осындай ғажап күн келді. Сол күннің құрметіне маған ән арналды. Бұл ән, бүгінімнің бақыты. Бұл ән жараланған жүректің зары емес, қайта бақытқа сенген жүректің жеңісі. Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін. Осындай әнге рақмет, Шампон!», – деп жазды актриса.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау