Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлемдік турнесі аясында Индонезияда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Өнер иесінің жеке концерті 12 желтоқсанда Sentul International Convention Center концерт залында өтеді. Бұл кеш әншінің DIMENSIONS WORLD TOUR атты халықаралық гастрольдік сапарының бір бөлігі болмақ.
Концертке билеттердің алдын ала сатылымы 25 қазанда басталса, 26 қазаннан бастап көпшілікке қолжетімді болады.
Димаш алдағы концерті туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, индонезиялық тыңдармандарына жылы лебізін білдірді.
«Индонезия, жақын арада кездескенше!» – деп жазды әнші.