2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 745,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Оның ішінде:
564,7 млрд теңге – базалық зейнетақыға,
1 трлн 181,2 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға бағытталған.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адамға жеткен.
Қазір зейнетақының орташа жиынтық мөлшері – 143 502 теңге, оның ішінде:
Ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге,
Базалық зейнетақы – 47 688 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Базалық зейнетақы мөлшері 6,5%-ға,
Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті (инфляция деңгейінен 2% жоғары).
Бес жылдық жоспар аясында, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ең жоғарысы 120%-ға дейін жеткізілмек.
Мәселен, 2025 жылдан бастап:
Ең төмен базалық зейнетақы – 32 360 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы),
Ең жоғары – 50 851 теңге (күнкөріс деңгейінің 110%-ы).
2018 жылдан бастап базалық зейнетақы жеке еңбек өтіліне байланысты тағайындалады.