Қоғам

«Төбелесуге мәжбүр болдым»: Шерзат өліміне қатысты тағы бір айыпталушы жауап беріп жатыр

16:48, 15 мамыр 2025 272

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сот барысында қылмыстық іс бойынша айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Ол 2024 жылы қазанның 3-інен 4-іне қараған түні болған оқиғаны баяндап берді.

Мен «Эйфория» кафесінде таныстарыммен бірге отырдым. 23:30–да танысым Дархан Әскентай хабарласып, «Қамажай» дүкеніне келуімді өтінді. «Мені біреу ұрып кетті» деді. Мен өзім бір бөтелке сыра ішіп алғандықтан, Думан Ысқаққа рульге отыруға өтініш жасадым. Дүкенге бардым, Дархан Әскентай сыртта бетінен қан ағып тұрды. Одан мән-жайды сұрағанда «дүкеншінің баласы ұрып тастады» деп қысқаша айтты. Сосын дүкенге кіріп, Қаржаубайдың өзінен мән-жайды сұрадым. Ол «досың ақша төлемеді», біресе «өзім ұрдым», біресе «ұлым ұрды» деді. Мен артығымен 1,5 мың теңге төлеп бердім. Сосын досым үшін кешірім сұрап, Дархан, мен, Думан үшеуміз кетіп қалдық, – деді Нұрбол Тоқтаубаев.

Айыпталушының айтуынша, бұл оқиғалардан кейін Нұрбол Тоқтаубаев көлікте болған кезде Дархан Әскентаймен сөйлесіп, дүкенге қайтадан баруға шешім қабылдаған.

Жолда Дархан ақша төлегенін айтты. Кикілжің ақша туралы болғаннан кейін мен қайта баруға шешім қабылдадым. Төлеген ақшамды қайтарып алу үшін және Дархан Әскентай ақша төлегенін растағым келді. Қайтадан бардық, бірақ оған Қаржаубай қарсы болды. «Менімен шық, менімен шықпасаң, баламмен шық» деді. Пышақ тақады. Мен өзімді «хуторский» деп таныстырған жоқпын. Бұрын-соңды сотталмағанмын, төбелеске қатыспағам. Мәселені тыныш шешкім келді. Нұрқанат телефонмен біреулерді шақырып жатты. Қаржаубай «Мен сені өлтірем» деп пышақпен оқталды. Үлкен-үлкен 6-7 шақты бала келді. Шыңғыс (Белғожаев) деген бала бар, өз туған бауырымда (Азамат Тоқтаубаев) телефон болмағандықтан, Чинаға хабарласып, соның телефоны арқылы өз інімді шақырдым. Сонымен балалар келіп, төбелес басталып кетті. Мен дүкен ішінде тұрғам. Мылтық атылды, Нұрқанат біріншісін аспанға, екіншісін аяғымызға атты. Өзім бір-екі рет аяғымды сермеп, Нұрқанатты тепкенімді растаймын. Төбеле ашу ниетіміз болған жоқ, – деді айыпталушы.

Сонымен қатар куәгер түсірген бейнажазбадағы өз іс-әрекетіне Нұрбол Тоқтаубаев түсініктеме берді.

Мылтық атылғаннан кейін абдырап қалдық. Төбелеске кіруге мәжбүр болдым. Балалар барып жатқаннан кейін мен де артынан бардым. Сосын Нұрқанатты бір-екі рет тептім. Шерзат жаққа барған жоқпын, арасы 4-5 метрдей болды, — деді сотталушы.

Еске сала кетсек, кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Осы іске байланысты сот отырысы басталып, прокурор оқиғаның бас-аяғы қалай болғанын айтты

Қаржаубай Нұрымов болған оқиғаны баяндау кезінде баласы Шерзат Полат пен бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевты емханаға қалай апарғанын жеткізді.

Сотта іс бойынша күдіктілердің сот залынан күліп шыққан видеосы талқыланды. Судья жағдайға байланысты тергеу жүргізілп жатқанын айтты.

Сот отырысында жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша айып тағылған Дархан Әскентайдан жауап алынды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз