Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бүгін сот тергеуі аяқталып, судья Ержан Жанұзақов жарыссөзді бастау туралы қаулы шығарды.
Жарыссөзді мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай бастады. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап, басты айыпталушы Абзал Шынасылдың берген жауаптарын келтірді.