Қоғам

Шерзат ісі: кәмелетке толмаған тағы бір күдікті өзіне тағылған айыпты мойындамады

12:36, 16 мамыр 2025 196

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бүгінгі сот отырысында қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы кәмелет жасқа толмаған Думан Ысқақтан жауап алынды. Адвокат сотталушыдан оқиға қалай басталғанын айтып беруді сұрады. 

Думан Ысқақтың айтуынша, Нұрбол Тоқтаубаев ішімдік ішіп алуына байланысты көлігін жүргізуді сұрап шақыртып алған.

Үлкен кісі болғаннан кейін көлік айдауға өз еркіммен келістім. Кейін Рысқұлов ауылынан Талғар ауылына екеуіміз бірге келдік. Нұрбол «досым Азаматты апарып тастаған соң сені таксиге отырғызып жіберемін» деді. Нұрбол жолда Шыңғыс Белғожаевқа қай жерде екенін білу үшін хабарласып, сол жерге баратынымызды айтты. Мейрамхана алдында Дархан деген досын ұрып кеткенін айтып, сол жерге барамыз деді. Оқиға басталғанда «Нұрбол аға, бәрі тыныш екен ғой, үйге қайтайықшы» деп өтіндім, — деп жауап берді айыпталушы. 

Оның айтуынша, Қаржаубаймен ешқандай келіспеушілік болмаған, сондықтан жәбірленушінің осы сотта оқиғаның қалай басталғаны жайлы нұсқасымен келіседі. 

Адвокаттың сұрағына жауап берген сотталушы Думан Ысқақ өз сөзінде Қылмыстық кодекстің 434-бабымен («Аса ауыр қылмысты хабарламау») айыпталып отырғанын, бірақ өз кінәсін мойындамайтынын айтты.

Еске сала кетсек, кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сот барысында прокурор оқиғаның бас-аяғы қалай болғанын айтты

Қаржаубай Нұрымов болған оқиғаны баяндау кезінде баласы Шерзат Полат пен бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевты емханаға қалай апарғанын жеткізді.

Сотта іс бойынша күдіктілердің сот залынан күліп шыққан видеосы талқыланды. Судья жағдайға байланысты тергеу жүргізілп жатқанын айтты.

Сот отырысында жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша айып тағылған Дархан Әскентайдан жауап алынды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз