Қоғам

Шерзат ісі бойынша сотталғандардың туыстары Президенттен көмек сұрады

13:13, 09 маусым 2025 12

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотталғандардың жақындары Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Сотталған жігіттердің жақындары арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Олар Шерзаттың әкесі Қаржаубайдың да жазаланағын талап етіп отыр.

Шерзат Полат қайтыс болғаннан кейін жәбірленуші тарап бірден жақсы ойластырылған және жоспарланған әрекеттерге көшті. Өз мақсаттарына жету үшін олар түрлі құралдарды, атап айтқанда, әлеуметтік желі, тыйым салынған психологиялық тәсілдерді пайдаланды. Тіпті, кейде ашық арандатушылыққа да барды. Бірнеше рет тәртіпсіздікке шақырды, жалған ақпарат таратты. Пышақ ұстаған адам қаһарман болып көрсетілді. Қаржаубай Нұрымов сол қайғылы оқиға болған түні екі рет пышақпен адамдарға шабуыл жасады, – деді өзін Бауыржан Әбдірахманов деп таныстырған  ер адам.

Үндеуде олар Қасым-Жомарт Тоқаевтан Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәбірленуші тараптың әрекеттерін толық әрі мұқият тексеру туралы тапсырма беруді сұрады.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз