Аймақ

«Шашынан сүйреп, қол көтерген»: Ақтауда дәмханаға келген қызды төгілген шай үшін көшеге сүйреп шығарған

14:19, 03 ақпан 2026 59

Ақтаудағы Lemonade дәмханасында жанжал болып, оның соңы төбелеске ұласқан. Бұл туралы оқиғаға қатысқанын айтқан қыз әлеуметтік желіде видео жариялап, мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Halyqstan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жанжал 31 желтоқсан күні шамамен сағат 22:52-де болған. Қыздың сөзінше, қызметкерлер төгілген шайдан кейін ластанған диван үшін 14 мың теңге төлеуді талап еткен. Ол бұл талаппен келіспегеннен кейін жағдай ушығып, күш қолдануға дейін барған.

Жәбірленуші жанжал кезінде өзін дәмхана иесі деп таныстырған ер адамның ерекше белсенділік танытқанын айтады.

«Ол қолымнан телефонымды жұлып алып, оны келтірілген шығынның орнына алып қалатынын айтты. Менің шашымнан сүйреп, келушілердің көзінше еденмен сүйреді. Соңында мені аяқ киімсіз, телефонсыз және жеке заттарымсыз көшеге шығарып жіберді», – деп мәлімдеді қыз.

Оқиғадан кейін ол медициналық көмекке жүгініп, Маңғыстау облысының полициясына арыз жазғанын хабарлады.

Айтуынша, бастапқыда сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі («Ұрып-соғу») бойынша тіркелген.

Алайда кейінірек видеода бейнеленген ер адамға қатысты қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, жәбірленуші тарап ретінде сол ер адам танылған.

Сонымен қатар, қыздың айтуынша, дәл осы бап бойынша қылмыстық іс өзіне қатысты қозғалып, іс материалдары сотқа жолданған

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз