Қоғам

«Өзі тұрып, жүре алады»: Министр Руслан Берденовтың қазіргі жағдайын айтты

13:10, 29 сәуір 2025 42

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқ тиген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты.

«Қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланады. Ауруханаға түскен сәтте екі бригаданың хирургтері 4 сағат бойы алғаш көмек көрсетіп, операция жасады. Қазір пациент өзі тұрып, жүре алады. Бірақ ол әлі де дәрігерлердің бақылауында», – деді министр.

Еске сала кетсек, 21 сәуірде шамамен 20:30-да Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылғанын хабарлаған болатынбыз. Оған төрт сағаттан астам уақытқа созылған ота жасалып, науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған еді. 

Кейіннен оған оқ атқан жігіттің әкесі мәлімдеме жасады. Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз