$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Тоқаев мінген трамвай: Теміртаудағы қоғамдық көлік қалай жаңарды?

Редактор
02.11.2026, 14:46
Ақорда
Ақорда
Тоқаев Теміртауда жаңартылған трамвайға мініп, көлік жүйесінің жұмысын тексерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласындағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Республика даңғылынан «Инженер» аялдамасына дейін трамваймен жүріп өтіп, жаңартылған көлік инфрақұрылымының жұмысын және атқарылған істің сапасын бағалады.

Ақорданың мәліметінше, Qarmet компаниясы екі жыл бұрын трамвай жүйесін қала тұрғындарының игілігіне берген. Содан бері қоғамдық көліктің бұл түрімен 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданған. Жаңғырту жұмыстары аясында қаладағы 30 шақырым трамвай жолы қалпына келтіріліп, рельстері ауыстырылды. Сондай-ақ заманауи үлгідегі сегіз жаңа вагон сатып алынған. Соның нәтижесінде трамвайлардың кестеге сай тұрақты қатынауы қамтамасыз етілді.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін вагондарға электронды төлем жүйесі орнатылған. Ал Qarmet кәсіпорнының қызметкерлері мен ардагерлері трамвайда тегін жүре алады. Ақорда мәліметінше, жаңартылған трамвай инфрақұрылымы пайдалануға толық дайын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау