$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертпек болған 10 адам ұсталды

Редактор
02.11.2026, 13:15
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Сотқа дейінгі тергеу аясында бір мезгілде 10 адам қолға түсті

Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекеттенді деген күдікпен 10 адам ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығын да ұйымдастырған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қазанда прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында арнайы операция жүргізілген. Сотқа дейінгі тергеу аясында бір мезгілде 10 адам қолға түсті. Олар экстремистік топ құрып, оның қызметіне жетекшілік етті және қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуді мақсат еткен. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларына жүргізілген тінту кезінде атыс қаруы, есірткі заттары, діни атрибуттар, әдебиеттер және іс үшін маңызды өзге де айғақтар тәркіленді.

Сонымен қатар топ мүшелері ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды. ҰҚК мәліметінше, ұсталғандардың бірнешеуі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық сипаттағы құқықбұзушылықтар үшін сотталған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталады.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау