Руслан Берденовті атқан жігіттің әкесі мәлімдеме жасады деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев ресми мәлімдеме таратты.
Құрметті қазақстандықтар, Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Біздің отбасымыздың атынан 21 сәуір күні орын алған қайғылы оқиғаға байланысты сіздерге үндеу жолдауды жөн көрдім, - дейді ол.
Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай ауыр соққы болғанын жеткізген. Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкініш білдірді.
Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да, - деді күдіктінің әкесі.
Сондай-ақ, Ернар Жиембайдың әкесі осы қиын күндері қолдау білдіріп жатқан жандарға алғыс білдірді.
Алда бізді ауыр кезең күтіп тұр, дегенмен әділдік пен адамгершілік жеңеді деп үміттенеміз, - делінген мәлімлемеде.