Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың жағдайы қазір тұрақты ауыр деп бағаланып отыр деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқасқа ота жасалған. Қазір оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.
Ауруханада науқасқа шұғыл операция жасады. Ол төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында және қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Отадан кейінгі диагноз: оң жақтағы кеуде қуысы тұсына тиген оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялардың және диафрагманың көптеген жарақаты, оң жақ тұсындағы гемопневмоторакс.
Сондай-ақ, бауырдың зақымдануы, ішкі қан кетулер, оң жақ бүйрек, иық және білек аймағындағы көптеген оқ жарақаты, сыртқы қан кетулер диагнозы қойылды. Плевропульмональдық және геморрагиялық шок алған, - деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Руслан Берденовке аңшы мылтығымен оқ атылған. Кей ақпараттарда күдіктінің мұндай қылмыс жасауына әйеліне Берденовтің тиісуі себеп болды делінген.
Десе де, Шымкент полициясы қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың себебі шабуылдаушының әйеліне қырындауы деген ақпаратты жоққа шығарды.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың себебі шабуылдаушының әйеліне қырындауы деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.