Қоғам

Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіге қандай айып тағылды?

20:57, 26 сәуір 2025 27

Бас прокуратура Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау туралы іс бойынша тергеу барысына түсініктеме берді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, істі Шымкент қаласының полиция департаменті қарап жатыр.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысты істеуге оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы (Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша жүргізілуде,—делінген хабарламада.

Прокуратура қазір тергеу жүріп жатқанын, бірақ оның егжей-тегжейі жарияланбайтынын жеткізді. Себебі, бұған заңмен тыйым салынған.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке тура әкімдік ғимаратының алдында оқ атылған болатын. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз