Спорт

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Италияда ота жасалды

13:15, 24 маусым 2025 26

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке шетелде ота жасалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Дүйсенбіде Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханада түскен суретін жариялаған еді. Оның денсаулығына алаңдап қалған оқырмандарына спортшы кейінірек мән-жайды түсіндіріп, жазба жариялады. 

Сөйтсе, Олимпиада чемпионы қазір денсаулығына көңіл бөліп жүр екен.  Италияның Рим қаласында оның иығына ота жасалған. 

Құрметті Қазақ елі! Мені уайымдам, алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Италияның Рим қаласында иығыма ота жасатқаным рас. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз бұрыннан білесіздер, Олимпиадаға дейін де иығымның жарақаты, ұсақ жарақаттарым жиі мазалайтын. Қазір денсаулығыма толық көңіл бөлгенді және толық ем қабылдағанды жөн көрдім. Алла жазса, 2-3 айдан кейін жаттығу, ал жарыстарға - келесі жылдың басында қосылуға ниеттімін. Карьерасын аяқтады деп сүйіншілегендерге де сәлем жолдаймын. Мен әлі сары нашивкамен татамиге шығып күресетін боламын, - деп жазды Сметов. 

Еске салайық, Елдос Сметов Париж-2024 Олимпиадасының алтынынан бөлек, Рио-2016-да күміс, 2020 жылы Токиода қола жүлдені қанжығалаған болатын.  

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз