$ 482.49
 556.75
 5.79

«Маңдайына жазылса тоқал алады»: Сәкен Майғазиевтің әйелінің сөзі қызу талқыға түсті

Редактор
19.03.2026, 11:58
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ағаң мен алып бермей алмайды, дейді ол.

Әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кезекті бір сұхбатында журналистің сұрағына жауап беріп, әнші күйеуінің екінші әйел алуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, адам өміріндегі кейбір жағдайлар пешенеге жазылған тағдырға байланысты болады.

«Жақсы сұрақ. Қуанып қалдым ғой. Ол негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады ғой. Алла жазса әйел адам қалай ма, қаламай ма — бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой», – деді ол.

Сондай-ақ Динара Майғазиева Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желіде жиі смайлик қолдануына қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, бұл – әншінің еліне деген махаббатын, ақ ниеті мен ізгі тілегін жеткізудің бір тәсілі.