Спорт

Елдос Сметов Лос-Анджелес Олимпиадасына баратынын мәлімдеді

13:15, 28 шілде 2025 89

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париждегі тарихи жеңісіне тура бір жыл толған күні Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнап жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Спортшы Олимпиада алтынына апарар жолдың оңай болмағанын, сол сәттің өміріндегі ең биік жетістік екенін айтып, өткен күндерге шегініс жасады.

«Бүгін мен үшін тарихи күн де келіп жетті. Осыдан тура бір жыл бұрын арманыма қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атандым. Үш Олимпиаданың әрқайсысы жүрегімде ерекше орын алады. Бірақ Париж Олимпиадасының алтыны мен үшін әрқашан ең биігі болып қала береді. Бұл – маңдай тер мен еңбектің ақталған күні, барлық марапатымның шыңы. Сәтсіздіктер мен қиындықтар қатар жүрген жолды еңсерген күн. Арман жолында көп нәрседен бас тартуға, көп тәуекелге баруға тура келді. Барлық спортшы дәл осындай бақытты сәтті бастан кешірсе екен деп тілеймін», – деп жазды Сметов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз