Қоғам

«Балалар өртенгенде жүрегі сыздамаған имам тойда жүр»: Майғазиевтің тойына барған Бас мүфти сынға қалды

11:10, 12 маусым 2025 33

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тағы да сынға ұшырады. Бас муфти Наурызбай Өтпенов әнші Сәкен Майғазиевтің тойына барам деп сөзге қалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Todayinfo сайтының мәліметінше, халыққа ортақ проблемаларда бой көрсетпей қалатын Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы әншінің тойына арнайы Астанадан жетіп келген. Еліміздің бас молдасы тойда бата жасады.

«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!», — деп сынға алды журналист Диас Нұрақын. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз