$ 482.49
 556.75
 5.79

Зарина Дияс Жапонияда өтетін турнирдің финалына өтті

Редактор
17.05.2025, 18:04
Зарина Дияс Жапонияда өтетін турнирдің финалына өтті
Дода 2 сағат 16 минутқа созылды

Әлемнің 318-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Спортшы жартылай финалда әлемдік рейтингте 336-орында тұрған Қытай теннисшісі Мэйлин Ванмен кездесіп, оны ойсырата жеңді. Кездесуде Зарина Дияс 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Дода 2 сағат 16 минутқа созылды.

Зарина Дияс ертең әлемнің 288-ракеткасы, жапониялық Аяно Шимицумен кездеседі.