Әлем

Үндістан жасаған соққыдан Пәкістанда 26 адам қаза тапты

14:57, 07 мамыр 2025 33

Үндістанның зымыранмен жасалған соққысынан қаза тапқандар саны 26 адамға жетті. Бұл туралы Пәкістан билігі мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 26 тұрғын қаза тауып, 46 адам жараақат алған. 

Зымыранмен жасалған соққы алты азаматтық нысанға тиген, олардың ешқайсысы әскери база емес. Ал, Үндістан бұл соққылардың тек "белгілі лаңкестердің лагерлеріне" бағытталғанын алға тартып отыр. 

Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі әскерилер Үндістанның бес жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Үндістан билігі бұл ақпаратты растаған жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз