$ 493.15
 574.17
 6.77

Тоқаев Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады

Редактор
04.06.2026, 09:26
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттағанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты және қырғыз халқын бауырлас елдің 2027-2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев бұл айтулы оқиға Қырғызстан және тұтас Орталық Азия елдері үшін тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

"Қырғыз Республикасы президентінің басшылығымен жүргізіліп отырған жасампаз әрі сындарлы саясаттың нәтижесінде Қырғызстанның халықаралық аренадағы беделі жоғары деңгейде танылды", – деп жазылған жеделхатта.

Оның айтуынша Қазақстан Қырғыз Республикасының кандидатурасын дәйекті түрде қуаттаған әрі осы жауапты миссияны атқаруда алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

"Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысына табыс тілеймін"! – деп түйіндеді мемлекет басшысы.