$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Астанадағы қонақүй кешенінен 60 адам құтқарылды

Редактор
26.10.2026, 12:51
ТЖМ
ТЖМ
Астанада қонақүй-монша кешенінен өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан бес қабатты қонақүй-монша кешенінде өрт шықты. Оқиға түнде Бөгенбай батыр даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Өрт ғимараттың шатырынан тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кешен ішіндегі адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалы мен электр кабельдері жанған. Құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатындағы дәмхана мен бильярд залынан 60 адамды эвакуациялаған.

Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Энергетикалық компания мамандары нысанды электр желісінен толық ажыратқаннан кейін жалын толығымен сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.