$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Атырауда сауда орталығының әйелдер дәретханасына кірген жігіт ұсталды

Редактор
26.10.2026, 13:38
Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот
Күдікті қамауға алынды 

Атырау қаласындағы «Байзар» сауда-ойын-сауық орталығында әйелдер дәретханасына кіріп, келушілердің наразылығын тудырған жас жігіт полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл жайында «Ақ Жайық» басылымы ақпарат таратты. Оқиға әйелдер дәретханасында болған. Келушілердің бірі көрші кабинаның үстінен өзіне қарап тұрған жігітті байқап қалған. Мұндай жағдайға тап болған әйел бірден дабыл қағып, оның әрекетіне наразылық білдірген. Алайда жас жігіт сыртқа шығып, мән-жайды түсіндірудің орнына кабинаның есігін ішінен жауып алған. Шу шыққан жерге өзге әйелдер де жиналып, оның сыртқа шығуын талап еткен. Бірақ ол есікті ашудан бас тартқан. Ақырында оқиға орнына сауда орталығының күзет қызметкері шақырылып, жігіт кабинадан шығарылған.

Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт әйелдерге жасырын қарап қана қоймай, оларды ұялы телефонына түсірген болуы мүмкін. Тіпті келушілердің бірі оның телефонынан дәретханада түсірілген суреттер табылғанын мәлімдеген. Алайда жігіт тағылған айыптарды жоққа шығарып, дәлел көрсетуді талап еткен. Атырау облыстық полиция департаменті күдікті жігіттің ұсталып, әкімшілік ұсталғандарға арналған камераға қамалғанын растаған. Оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша шара қолданылуда. Дегенмен полиция әйелдерді жасырын түсірді деген ақпараттың расталған-расталмағанын әзірге нақтылаған жоқ.

Видео: @erbolovaaa0