$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Қостанайда полициядан қашқан көлік жүргізушісі қаза тапты

Редактор
26.10.2026, 13:55
Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот
Қайғылы жағдай 25 қазан күні кешкі уақытта болған 

Қостанай қаласында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, бір адам көз жұмды. Тағы бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Кейін бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында бағыттық автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал жанында болған жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде автобустың ішінде 55 адам болған. Олардың екеуіне медициналық көмек сол жерде көрсетілген.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.