$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Түркістанда 14 жастағы ұлын рөлге отырғызған әке жауапқа тартылды

Редактор
26.10.2026, 13:15
Видеодан скрин
Видеодан скрин
Түркістандық әкеге хаттама толтырылды

Түркістан қаласында 14 жастағы жасөспірімнің Toyota Land Cruiser көлігін басқарғаны анықталды. Көлікті кәмелетке толмаған ұлына берген 50 жастағы әкесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері А. Юсупов көшесінде жол талғамайтын көлікті басқарып келе жатқан жасөспірімді анықтаған.

Тексеру кезінде көлікті оған әкесі бергені белгілі болды. Нәтижесінде ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полиция кәмелетке толмаған балаларға көлік басқаруға рұқсат беру жол-көлік оқиғаларына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.