Тарихшы әрі қоғам белсендісі Жұмамұрат Шәмші Қазақстандағы айыппұл жүйесі мен шенеуніктердің жұмысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, елде айыппұл салу мәселесі көбейіп, мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қатысты сұрақтар әлі де бар, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
«Қазақстан ұрлау мен жырлаудың Отанына айналғалы қай заман? Аттап бассаң айыппұл, “Сергек” дейміз, басқа дейміз. Тіпті полицейлерге күніне 10 адамға айыппұл саласың деп тапсырады екен деседі», – дейді Жұмамұрат Шәмші.
Сондай-ақ қоғам белсендісі жыл соңында шенеуніктер есеп бергенімен, қаражаттың жұмсалуына қатысты көңілі толмайтынын жеткізді.
«Жыл аяқталып келеді, жоғарыдағы шенеуніктер жылды аяқтайды, есеп береді, ақшаның қайда жұмсалғанын айтады. Бірақ бәрібір менің көңілім толмайды, ортадан ақшаны жеп қалу, шенеуніктер тек байып кетуді ойлайды», – деп пікір білдірді ол.