$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Серік Сапиев сүйінші жаңалығын айтты

Редактор
26.10.2026, 15:18
Әлеу желі
Әлеу желі
Серік Сәпиев 15 жастағы Аққуды әлем чемпионатының қола жүлдесімен құттықтады

Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев 15 жастағы Аққуды 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде иеленуімен құттықтады, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Спортшы әлеуметтік желідегі жазбасында жас чемпионмен мақтанатынын айтып, алдағы жарыстарда алтын медальдар жеңіп алуына тілектестік білдірді.

«Алтын қызым, Аққу! Небәрі 15 жаста болсаң да, 16–18 жас аралығындағы қыздар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атандың! Сенімен шексіз мақтанамын, чемпион қызым! Алда сені тек алтын жүлделер күтіп тұрсын!» – деп жазды Серік Сәпиев.