$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.6

Қазақстандық теннисшіден кезекті жеңіс: Рыбакина Қытайда топ жарды

Редактор
26.10.2026, 08:37
ҚТФ
ҚТФ
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде қатарынан екінші рет чемпион атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстандық теннисші финалда канадалық Лейла Фернандесті жеңді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Елена Рыбакина финалдық кездесуде дүниежүзілік рейтингтің 30-сатысындағы Лейла Фернандеспен кортқа шықты.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық спортшы 6:2, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 17 минут өткізді.

Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы WTA 500 турнирінде екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын қорғап қалды.