$ 482.33
 557.57
 5.74

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
25.03.2026, 09:22
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясында лауазымға ие болды. 

Енді ол федерация президентінің кеңесшісі қызметін атқармақ, деп хабарлайды bairaqmedia.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының ресми Instagram аккаунтында хабарланғандай, Қазақстан бокс федерациясы президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметінде Серік Сәпиев бокс құрамаларының нәтижесін жақсарту, спорт түрін дамыту бойынша жүйелі жұмыс пен Олимпиада ойындарындағы жоғары жетістік жолында жұмыс атқарады.

Бұған дейін Сәпиев Қазақстан Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі және XX жазғы Азия ойындарына дайындық жөніндегі штабтың спорт бөлімінің үйлестірушісі болып тағайындалды.