-
Қазақстанда ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалдың орнын толтыру көзделіп отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, биыл адамдар көп жиналатын объектілер иелеріне жауапкершіліктің жүктелген сақтандыруын енгізу жоспарда бар. Сонымен қатар апатты тәуекелдерден сақтандыру жүйесін көп деңгейлі ету және бірнеше көзден өтемақы төлеу көзделген.
Сауда орталықтарында және адамдар жаппай жиналатын ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ірі объектілерінде өрттен зардап шеккендерге залалды өтеу қамтамасыз етілмек. Заң жобасы ҚР Парламентінің қарауында.
Мария Хаджиева атап өткендей, еліміздің аумағында түрлі табиғи апаттар қаупі бар. Бұл – жер сілкінісі, су тасқыны, орман өрттері, құрғақшылық және дауыл.
«Алматыдағы жер сілкінісі мен еліміздің солтүстігі және батысында су тасқынынан зардап шеккен 224 елді мекен апаттар қаупі бар аймақтарда азаматтардың мүлкін қорғаудың қосымша жүйесін құру қажеттілігін растады. Бүгінгі таңда халықты осындай сақтандырумен қамту көрсеткіші өте төмен – ел бойынша шамамен 3,2%-ды құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, апатты сақтандырудың тиімді жүйелері әрдайым көп деңгейлі болып табылады және бірнеше көздерден төлемдерді қамтиды. Сондықтан біз мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі нұсқасын, соның ішінде бюджет шығындарын, сақтандыруды және сыртқы қаржыландыруды тартуды қарастырамыз», – деді Мария Хаджиева.
Агенттік қабылданып жатқан шаралар азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді және сақтандыру мәдениетін дамытуға ықпал етеді деп санайды.
Қоғам
Сауда орталықтарына өрттен зардап шеккендерге өтемақы төлеу міндеттеледі
18:00, 05 мамыр 2025 27

Фото: depositphotos.com
Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.
Тағы да оқыңыз
-
Шымкентте вагон сүйреуден әлем рекорды жаңарды
22:13, 05 мамыр 2025
-
Қазақстанға ҰОС сарбазының сүйегі жеткізілді
17:36, 05 мамыр 2025
-
Алматыда әйелін пышақтап өлтірген полицей қанды қылмысты балаларының көзінше жасаған
17:31, 05 мамыр 2025
-
Тоқаев әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды
15:02, 05 мамыр 2025
-
Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді
14:28, 05 мамыр 2025
-
«Қойыңдар, өлтіресіңдер ғой»: Шерзат ісі бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр
13:55, 05 мамыр 2025
Соңғы жаңалықтар
-
Шымкентте вагон сүйреуден әлем рекорды жаңарды
22:13, 05 мамыр 2025 18
-
Сауда орталықтарына өрттен зардап шеккендерге өтемақы төлеу міндеттеледі
18:00, 05 мамыр 2025 27
-
Қазақстанға ҰОС сарбазының сүйегі жеткізілді
17:36, 05 мамыр 2025 25
-
Алматыда әйелін пышақтап өлтірген полицей қанды қылмысты балаларының көзінше жасаған
17:31, 05 мамыр 2025 37
-
Тоқаев әскери қызметкерлерге мемлекеттік наградалар тапсырды
15:02, 05 мамыр 2025 35
-
Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірленеді
14:28, 05 мамыр 2025 26
-
«Қойыңдар, өлтіресіңдер ғой»: Шерзат ісі бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр
13:55, 05 мамыр 2025 150