Қоғам

Риддерде 17 жастағы қыз ит-мысықты сойып, олардан сувенир жасап отырған (ВИДЕО)

16:18, 30 шілде 2025 37

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының белсенділері әлеуметтік желіде адам шошырлық видео таратып жүрген 17 жастағы қыздың әрекетіне назар аударып, полицияға шағымданған, - деп жазады bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сенсек, бейнежазбадағы қыз бала үй жануарларын өлтіріп, сойып, олардың қалдықтарынан кәдесый жасап отырған. Әрі әрекетінің бәрін видеоға түсіріп, оны Тик-ток әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып отырған.

Осы мәселеге қатысты облыстың полиция департаменті мән-жайды анықтап жатыр.

«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты кәмелет жасына толмаған 17 жастағы қыз анықталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне келді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция кәмелет жасына толмаған қыз бен оның ата-анасына заң талаптарын түсіндіріп, іс материалдары әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жіберді», - деп хабарлайды ШҚО-ның полиция департаменті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз