Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова мәжіліс депутаты Абзал Құспанның елде көп әйел алуды заңдастыру туралы ұсынысына өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Депутат Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында қазір ауқатты азаматтардың арасында бірнеше әйелмен бірге тұратындар бар екенін айтып, көп әйел алуды заңмен реттеу қажет деген пікір білдірген еді.
Осы мәселеге байланысты Баян Мақсатқызы да үн қосып, әйелдерге де бірнеше күйеуге шығуға рұқсат беру туралы уәж айтты.
«Жауап ретінде қос күйеуге шығуды заңдастыруды ұсынамын! Неге ерлерге болады да, әйелдерге болмайды? Егер біз зайырлы мемлекет болсақ, заң алдында бәріміз тең болуымыз керек! Ал билік өкілдерінің шариғат заңымен өмір сүруді ұсынуы нені білдіреді?» — деді ол.